02 қар, 2017 сағат 12:33

Қазақстанда қазан айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 738 теңгені құрады

Қазақстанда  күнкөрістің ең төмен деңгейінің көрсеткіші  қазан айында 25 мың 738 теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 2,4%-ға артық, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистикалық комитетіне сілтеме жасап.

Қазан айында күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың төменгі нормасымен есептей отырып адам басына шаққанда 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 19,6%-ға артқан, былтырғы жылдың осы айымен салыстырғанда 9,7%-ға арту байқалады.

Күнкөріс минимумының қалыптасуында өткен айда ет және балық өнімдерін тұтыну шығынының үлесі 19,6% құрады, сүт өнімдері, жеміс-жидектер - 15,8%, май өнімдері мен жұмыртқа - 14,9%, нан және жарма өнімдері - 7,5%, қант, шәй және дәмдеуіштер - 2,2%.