28 нау, 2020 сағат 08:01

Қазақстанда қатарынан 41 адамнан коронавирус табылды

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 28 наурыз таңертеңгі сағат 10.05-те тағы 41 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 32 адам, Алматыда - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында 1 адамнан вирус табылған.

Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, науқастар саны 191 адамға жетті: 

  • Нұр-Сұлтанда - 107 адам
  • Алматыда - 57 адам
  • Қарағандыда - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Атырау облысында - 4 адас
  • Ақмола облысында - 5 адас
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Алматы облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам. 

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған.

27 наурызда Павлодар, Атырау және Маңғыстау облысында коронавирус алғаш рет тіркелді.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

Ал 28 наурыздан бастап елдегі ірі үш қалада - Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте шектеулер күшейеді:

  • Енді үш қаладағы жұрт жұмысқа, азық-түлік және дәрі алуға ғана шыға алады.
  • Парк, жаяу жүргіншілер көшесі, жағалаулар, ойын алаңдары жабылады.
  • Қоғамдық көліктердің жұмысы шектеле бастайды.
  • Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл шектеудің бір отбасының адамдарына қатысы жоқ.
  • Балалар ересектерсіз көшеге шығуға тыйым салынады.

Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет тіркелгелі бері әлемде коронавирус жұқтырғанар жарты миллионнан асып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.