30 нау, 2026 сағат 16:09

Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа қарсы форум өтеді


Фото: egemen.kz


8 сәуірде Астанада қаржы секторындағы және цифрлық ортадағы алаяқтыққа қарсы іс-қимылға арналған салалық алаң – AntiFraud Forum Kazakhstan шарасы өтеді.


Оған банктердің топ-менеджерлері, қаржы технологиясы компанияларының, реттеуші органдардың өкілдері және киберқауіпсіздік сарапшылары қатысады. Талқыланатын негізгі тақырыптар – қаржы институттарының шабуылдарға төзімділігі, антифрод-технологияларды енгізу және салааралық ынтымақтастықты дамыту.


Қатысушылар нақты кейстерді, тәуекелдерді басқару тәсілдерін, сондай-ақ күмәнді операцияларды анықтауда деректер мен талдаудың рөлін қарастырады.


Бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылға және алаяқтыққа қарсы бірыңғай жүйе қалыптастыруға ерекше назар аударылады.


Аталған алаң қаржы қызметтеріне деген сенімді арттыруға және тұтынушыларды қорғауға бағытталған нақты шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.