#
#
Сенбі 04/07/2020

Қазақстанда қаржы пирамидасына қанша адам тартылғаны анықталды

  • 04.06.2020
  • 0
  • 205

Қазақстанда қаржылық пирамидаға қатысты 38 топ анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әр өңірде қаржы пирамидалы қызметіне қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған топтар құрылды. Соңғы жылдары (2017-2020 жылдар аралығы) Қылмыстық кодекстің 217-бабы аясында полиция бөлімшелері 42 қылмыстық істі қозғады. Олар бойынша қылмыстың 975 эпизоды тергелді», - деді А. Заппаров Сенаттың жалпы отырысында қойылған сұраққа жауап бере отырып. 

Осы орайда 2017 жылы 11 қылмыстық іс (415 эпизод), 2018 жылы – 9 қылмыстық іс (180 эпизод), 2019 жылы – 10, сондай-ақ қазіргі кезде 12 қылмыстық іс қозғалғандығын атап өтті.

«Аталған қылмыстар үшін 38 қылмыстық топ, оның ішінде трансұлттық бір топ анықталды. 2017-2019 жылдары министрлік Қазақстан, Ресей және Испания азаматтарына қатысты қылмыстық істі тергеді. Олар «Questra Holdings» атауымен қаржы пирамидасын құрған. 2019 жылдың желтоқсанында кінәлі адамдар сотталды. Осы қылмыстық топтың келтірген жалпы шығыны 9 млрд теңгеден асты», - деді А. Заппаров.

Сонымен қатар ол биыл «Гарант 24 ломбард» ЖШС, «ЕSTATE ломбард», «Выгодный займ» басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатқанын еске салды.

«Осы компаниялардың филиалдары 15 өңірде қызмет еткен және олар 39 мыңнан астам адамды тартқан. Бүгінде 9 393 адам арыз түсірді. Қылмыстық істі тергеу амалдары біздің министрлік басшылығының бақылауында», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар