Жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға Pfizer вакцинасын салу көрсеткіші бойынша 4 желтоқсандағы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таратпау жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап.
4 желтоқсандағы ақпарат бойынша, жалпы 123 941 адам «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын салдырды.
Оның ішінде: 98 722 жасөспірім, 7 555 жүкті әйел, 17 664 бала емізетін әйел екпенің алғашқы компонентін қабылдаған.
