07 мам, 2021 сағат 09:30

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды?


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында 7 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда осы уақытта Қазақстан бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 1 634 939 адамды құрап отыр. 

Вакцинаның екінші компонентін салдырғандар – 523 985.