05 мам, 2021 сағат 09:45

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды?


5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл ретте вакцинаның екі компонентін қатар салдырғандарың саны 400 740-қа жеткенін айта кету керек. 

Вакцина салдырудан бұрынғыдай Алматы қаласы (234 516) мен Алматы облысы (168 234) көш бастап тұр.