Фото: elements.envato.com
Мәжіліс депутаттары еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін жеңілдететін заң жобасын қарап, мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Депутат Екатерина Смышляева мұндай заң жобасын әзірлеу қажеттілігі жыл басынан бері елімізде өткізіліп жатқан жұмысшылардың акциясы мен ереуіл санының артуына байланысты туындағанын атап өтті. Оның айтуынша, оқиғалардың басым бөлігі келіссөздер кезеңінсіз болады, соның салдарынан олардың бәрі заңсыз деп танылып, жұмысшылардың мәселесі шешілмейді.
"Заң жобасы жұмыс берушінің жиналыстар өткізуге арналған үй-жайларды беру міндетін белгілейді. Оларды ұйымдастыру оңайырақ және қолжетімді болады. Ереуіл өткізу туралы шешім 2/3 емес, жай көпшілік дауыспен қабылдануы мүмкін, бұл ретте конференция кворумы да азаяды. "Сағаттық ескерту ереуілі" ұғымы енгізіліп жатыр", - деді Екатерина Смышляева ереуілдерді ұйымдастыру рәсімін жеңілдетуді көздейтін нормалар туралы айтып.