06 қаз, 2021 сағат 16:43

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады - министр


Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда 6 қазанда CОVID-19-ға оң нәтижемен 896 162 науқас және КВИ-ға теріс нәтижемен 76 517 жағдай тіркелді. КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 92 пайызы сауығып шықты. Оның ішінде КВИ оң нәтижемен - 835 805 науқас және КВИ теріс нәтижемен - 63 902 науқас», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Оның дерегінше, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, 4 өңір тәуекелі жоғары, яғни «қызыл» аймақта орналасқан. 

Соңғы айда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. 

«Қазақстан Республикасы және 8 өңір тәуекелі жоғары аймақтан тәуекелі орташа аймаққа көшті. Тәуекелі орташа аймақтан тәуекелі төмен, «жасыл» аймаққа 3 өңір: Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары көшті», - деді Алексей Цой.