14 қыр, 2020 сағат 16:50

Қазақстанда демалыс күндері бірқатар нысанның жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Қазақстанда карантин шаралары жеңілдеп, демалыс күндері кей нысандардың жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды: 

  • - сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, 1 келушіге алдын ала жазылу бойынша 4 ш. м.); 
  • - фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорттық кешендер, СПА-салондар, сауналар, бассейндерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, толымдылығы 30% артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);
  • - діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған алушыларға, мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, 2020 жылдың 4 тоқсанында автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды. 

Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналу мүмкіндігін азайту арқылы азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді. 

Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар басқа да тапсырмалар берді.