- 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың 1 644 фактісі анықталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов мәлім етті.
«2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың 1 644 фактісі анықталды. Аталмыш фактілер бойынша қозғалған 1 038 қылмыстық іс сотқа жіберілді», - делінген агенттіктің ресми сауалына берілген жауапта.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында тіркелген қылмыстардың құрамы мынадай: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу - 238, алаяқтық - 63, жалған кәсіпкерлік - 8, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазумен байланысты әрекеттер жасау - 2, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру - 4, экономикалық контрабанда - 1, лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану - 462, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану - 14, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу - 4, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау - 5, пара алу - 377, пара беру - 114, парақорлыққа делдал болу - 15, қызметтік жалғандық жасау - 323, қызметтегі әрекетсіздік - 4, билікті теріс пайдалану - 10 қылмыс.
«Сыбайлас жемқорлық санатындағы аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы көлемі 9,5 млрд теңге», - деп жазады Ұлттық бюро.