Бірыңғай онлайн білім беру платформасы алдағы жаңа оқу жылында іске қосылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысы Бірыңғай онлайн білім беру платформасын құру бойынша тапсырма берген болатын. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы, бұл бағыттағы қадамдар жаңа оқу жылының басына қарай аяқталады. Келесі оқу жылынан бастап білім ұйымдары бірыңғай білім беру порталын пайдалана алады», - деді Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде.
