Фото: Tengrinews.kz
Қазақстанда өлім-жітімнің төмендеуі байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда қайтыс болғандар саны - 101,7 мың адам, бұл былтырғымен салыстырғанда 26,1 пайызға артық. Былтырғы осы кезеңде қайтыс болғандар саны 137 мың адамға жетті, бұл одан бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 10,4 пайызға артық.
Өлім-жітімнің едәуір көрсеткіші Алматы қаласы (9,3 мың адам), Қарағанды (8,8 мың адам) және Түркістан (7,4 мың адам) облыстарында байқалған. Жаңадан құрылған Ұлытау облысында ең аз көрсеткіш (1,5 мың адам).
Биыл еліміздің барлық өңірінде өлім-жітім көрсеткішінің айтарлықтай төмендегені байқалады. Қайтыс болғандар санының төмендеуі Солтүстік Қазақстан облысында 18,7 пайыздан Шығыс Қазақстан облысында 52,5 пайызға дейін болған.
Қан айналымы жүйесі аурулары өлімнің ең көп тараған себебі – 22,7 мың адам. Одан кейінгі орында ісік (10,2 мың өлім), тыныс алу органдарының аурулары (9,8 мың өлім), жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттар (8,5 мың өлім), сондай-ақ ас қорыту жүйесінің аурулары (8,1 мың адам қайтыс болған) сияқты себептер.