21 қаң, 2021 сағат 06:00

Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға шалдыққан 1 311 адам анықталды

Қазақстанда 20 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 180 адам тіркелді. 131 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 21 қаңтар күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 17 адам өлімі тіркелген: 15 науқас - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны хабарланды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 172 412 адамның ПТР тесті оң шыққан. 156 521 адам жазылған. 2 446 адам коронавирус қайтыс болған. 

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның Covid-ке ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек тіркеп келеді. Содан бері 47 115 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 547 адам қайтыс болған. 34 925 адам жазылған. 

Аймақтағы пневмония ахуалына байланысты статистиканы билік өте сирек жариялайды. Бірақ ПТР тесті оң шыққан науқастар туралы күн сайынғы мәлімет індеттің барлық аймақта өршігенін көрсетеді.

20 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында 237 науқас анықталған. Павлодар облысы (140) мен Алматыда (115), Ақмола облысында (132) жүзден астам адамның ПТР тесті оң шыққан. Атырау облысында - 82, Алматы облысында - 82, Солтүстік Қазақстан облысында - 78, Қарағанды облысында - 71, Қостанай облысында - 67, Батыс Қазақстан облысында - 55, Шығыс Қазақстан облысында - 31, Жамбыл облысында - 25, Түркістан облысында - 18, Маңғыстау облысында - 17, Шымкент қаласында - 14, Ақтөбе облысында - 10, Қызылорда облысында 6 адамнан коронавирус анықталған. 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 96,7 млн адамға жеткен. 53,3 млн адам жазылған. 2 миллион 71 мың адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сенсек, 21 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 25 088 адам короновирус инфекциясынан (13 445 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың арасында 6 737 пациент - стационарда, 18 351 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 298 адамның жағдайы ауыр;

• 57 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 41 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.