27 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".
«Қызыл аймақта»: Солтүстік Қазақстан облысы.
«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.
«Жасыл аймақта»: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Еске салсақ, 26 қарашадағы жағдай бойынша Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл аймақта» тұрған болатын.
