#
#
Жексенбі 09/08/2020

Қазақстанда бір күнде дәріні қымбатқа сатқан 46 адам ұсталды

  • 07.07.2020
  • 0
  • 184

Қазақстанда бір күннің ішінде ғана дәрі-дәрмекті қымбатқа сатып, пайдаға кенелмек болған 46 адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«6 шілдеден бері полицияға 46 адам жеткізілді. Олардан дәрі-дәрмектің түр-түрінің 20884 қаптамасы, нақтырақ айтқанда 2600 қаптамадан глюкоза мен ферсинол, 2200 қаптама ацетилсалицил қышқылы, 654 қаптама парацетамол тәркіленді. Яғни пайда табу мақсатындағы саудалау жағдайы тіркелуде. Осылардың бәрі де нарықта дүрбелең туғызуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Алексей Цой өңірлерде дәрі-дәрмекті қымбаттата сататын алыпсатарлардың әрекетіне қалай шектеу қойылып жатқанын айтып берген болатын. Оның айтуынша, Қазақстанның барлық өңірінде әкімдіктер жанынан мониторинг топтары құрылған. Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар да препараттар бағасын бақылау жұмысына белсене атсалысуда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар