Қазақстан коронавирус науқастарының статистикасын екі бөлек жүргізіп келеді. Бірі – вирус жұққаны ПТР тестімен дәлелденген науқастардың дерегі (КВИ+), бірі – ПТР тестімен дәлелденбеген, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония науқастарының дерегі (КВИ-).
961 науқастың 901-інде ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. Қалғанына коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Жаңа тіркелген 10 өлімнің тоғызы КВИ+ науқастары, біреуі КВИ- науқастары қатарында болған.
ПТР тестімен расталған науқастардың аймақ бойынша дерегі мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласында – 24224 (+136 адам науқастар тізіміне қосылды),
Алматы қаласында – 24044 (+103),
Шығыс Қазақстан облысында – 21453 (+61),
Атырау облысында – 16848 (+39),
Павлодар облысында – 16728 (+103),
Қарағанды облысында – 14960 (+57),
Ақмола облысында – 12946 (+86),
Батыс Қазақстан облысында – 12412 (+83),
Солтүстік Қазақстан облысында – 11993 (+39),
Қостанай облысында – 11714 (+69),
Алматы облысында – 10334 (+57),
Шымкент қаласында – 6040 (+10),
Жамбыл облысында – 5807 (+14),
Түркістан облысында – 4233 (+2),
Маңғыстау облысында – 4179 (+5),
Ақтөбе облысында – 4151 (+20),
Қызылорда облысында – 3759 (+17).
КВИ+ науқастарының жалпы саны осымен 205 825-ке жетіп отыр. Оның 189 750-і жазылған, 13 392-сі емделіп жатыр. Бұл санаттағы науқастардың 2683-і қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "өзге себептен өлді" деген жүздеген адамды кіргізбей отыр.
Статистикасы былтыр тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан КВИ- науқастарының саны 48 887-ге жетті. Оның 40 101-і жазылып шыққан, 605-і қайтыс болған.
19 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 573 адам короновирус инфекциясынан (13 392 КВИ+ және 8 181 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 4 891 пациент - стационарда, 16 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус жұқтырғандар арасында:
• 255 адамның жағдайы ауыр;
• 43 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстанда жергілікті сарапшылар коронавирус статистикасының азайтылып көрсететінін айтады. Былтыр маусым, шілде айларында ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония жағдайлары күрт көбейген.
Мәселен, былтыр 1-8 шілде аралығында пневмониямен 56 809 науқас тіркелсе, оның 39 702-інде ауру белгісі коронавирусқа ұқсаған. Олардың ешқайсысы коронавирус статистикасына қосылмады. Билік пневмония індетінің тарауы басыла бастағаннан кейін ғана, 1 тамыздан бастап коронавирус пневмониясының статистикасын жүргізе бастады. Бірақ бастапқыда уәде еткендей, ортақ статистикаға біріктіріп емес, бөлек жариялап отырды.
Күзде "Сандж" зерттеу орталығы сауалнама қорытындысын жариялап, тамызға дейін 3,8 миллион адамның коронавируспен ауырып шыққанын, оның ресми статистикадан 37 есе көп көрсеткіш екенін мәлімдеген.