07 қар, 2020 сағат 06:10

Қазақстанда тағы 613 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 6 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 613 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 45
Алматы қаласы - 32
Шымкент қаласы - 3
Ақмола облысы - 38
Ақтөбе облысы - 4
Алматы облысы - 9
Атырау облысы - 15
Шығыс Қазақстан облысы - 253
Жамбыл облысы - 5
Батыс Қазақстан облысы - 44
Қарағанды облысы - 16
Қостанай облысы - 55
Павлодар облысы - 64
Солтүстік Қазақстан облысы - 29
Түркістан облысы - 1

Жалпы ел бойынша дертке шалдыққандар саны - 115 439.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 023 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 389 бала бар. Стационарларда 2 714 науқас жатыр. 3 309 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жүр.

Жалпы науқастардың арасында 163 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.