Фото: mk.ru
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда барлық бастауыш сыныптарын тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Оның сөзінше, сапалы тамақпен қамтамасыз ету балалардың дамуында үлкен маңызға ие.
"Алдағы уақытта:
- Балаларды тамақпен камтамасыз ету нормаларын қайта қарау,
Бастауыш сынып оқушыларын тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- Асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр", - деді Бейсембаев министрлер коллегиясының отырысында.
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2022 жылы 136 мың оқу орны бар 247 жаңа мектептің қолданысқа берілгенін атап өтті. 264 мектепте кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілген.