14 қар, 2022 сағат 14:21

Қазақстанда балық мемлекеттік мекемелерде міндетті тағамға айналуы мүмкін


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мемлекеттік ұйымдарға отандық өндірістегі балықты рационға енгізуді міндеттеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында министр "Балық шаруашылығын дамыту туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасады.

"Балық өнімдерін заңнамалық деңгейде өткізу мәселесін шешу үшін білім беру, денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдарға, Ішкі істер органдары, Қарулы Күштер органдары, Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына балықты ас мәзіріне енгізу және балық өнімдерінің кепілдік берілген көлемін отандық өндірушілерден сатып алу міндеттелу ұсынылады", - деді Серікқали Брекешев.