Фото: Pavlodarnews.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 10 488 074 әйел тұрады, деп хабарлайды Ult.kz.
Әйелдердің жасы бойынша үлесі:
- 0-15 жас – 29,1%
- 16-60 жас – 55,5%
- 61 жастан жоғары – 15,4%
Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:
- Алматы қ. – 1,2 млн
- Түркістан облысы – 1 млн
- Астана қ. – 803,5 мың
- Алматы облысы – 778,5 мың
Әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас
Әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл
Жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі – 48% (4,4 млн әйел)
Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50%
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 45%
Жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санындағы жұмыс істейтін салалардағы үлесі:
- Білім – 20%
- Сауда – 19%
- Денсаулық сақтау – 10%
Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%
Жұмыс істейтін әйелдер арасында 35-44 жас аралығындағылар саны ең көп – 1,3 миллион әйел
