01 нау, 2022 сағат 17:20

Қазақстанда ауыр жүк көліктері қозғалысы шектелді


Қазақстанда ауыр жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі автокөліктерге қозғалысқа шектеу енгізілді.

Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары жолдарында қозғалысқа шектеу енгізген.

"23 наурыздан 1 мамырға дейін - Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қозғалысқа шектеу енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.