29 жел, 2021 сағат 15:43

Қазақстанда алимент көлемі өсе ме? – министр жауап берді


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев алимент төлеу және өндіру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алимент көлемі өсе ме? Алимент төлеу мехинзміне қатысты қандай да бір өзгерістер бола ма?», - деп сұрады журналист спикерден.

Марат Бекетаев алимент көлемі өзгермейтінін айтты.

«Алимент көлеміне байланысты ешқандай өзгеріс болмайды. Тек қана жеке сот орындаушылар өз жұмысын жақсырақ істесе алимент көбірек төленетін болды. Бірақ борышкердің ешқандай жұмысы, мүлкі жоқ болса, бұл - жеке сот орындаушының кінәсі емес, тек борышкердің кінәсі», - деді министр.