10 жел, 2025 сағат 10:55

Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады: Халыққа қандай пайдасы бар?


Фото: medplus.media

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты, деп жазады Ult.kz.

Жаңартылған тізімге кіретін науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады.

Жаңа тізімге мыналар кіреді:

• Туберкулез;
• ВИЧ-инфекция;
• созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы;
• қатерлі ісіктер;
• психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
• алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі;
• жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары;
• орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы;
• сирек кездесетін аурулар;
• эпилепсия;
• инсульт (1 жылға дейін).