07 сәу, 2020 сағат 15:46

Қазақстанда 67 медицина қызметкері науқастардан коронавирус жұқтырды

Қазақстанда коронавирус індетіне 67 медицина қызметкері шалдықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«6 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирус инфекциясымен сырқаттану жағдайлары 8 өңірде тіркелді: Ақмола облысы – 1, Атырау облысы – 2, Қарағанды облысы – 4, Қызылорда облысы-1, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 1, Алматы қаласы – 21, Нұр-Сұлтан - 31. Қазақстан Республикасы бойынша барлығы - 67 жағдай», - делінген ақпаратта. 

Осылайша, COVID-19 диагнозы бар пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлердің сырқаттану жағдайлары барлық оқиғалардың 10%-ын құрайды.

«Қазіргі уақытта, бір медицина қызметкері ауыр жағдайда, 9 науқастың жағдайы - орташа. Қалған 57 адам ауруы симптомсыз, жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емдеуден өтеді», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.