24 сәу, 2020 сағат 14:10

Қазақстанда 585 адам COVID-19 дертінен айықты

Қазақстанда тағы 17 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында – 3 науқас, Атырау облысы - 4, Қызылорда облысы - 5, Қарағанды облысы - 4, Павлодар облысында 1 науқас дерттен айыққан. 

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 585 адамға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 210
Алматы қаласы – 88
Шымкент қаласы – 18
Ақмола облысы – 28
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 9
Атырау облысы – 35
Шығыс Қазақстан облысы – 5
Жамбыл облысы – 40
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 34
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 51
Маңғыстау облысы – 4
Павлодар облысы – 2
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 21.