04 сәу, 2020 сағат 07:16

Қазақстанда 500 адам Covid-19 дертіне шалдықты

4 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі Түркістан облысында бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады.

Қазақстанда барлығы төрт адам вирустан қайтыс болды. 1 сәуірде Қарағандыда бір науқас көз жұмған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.

4 сәуір таңертең министрлік Қазақстанда 36 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. 

Министрліктің дерегінше, Алматыда - 16, Солтүстік Қазақстан облысында - 7, Қарағанды облысында - 4, Түркістан облысында - 4, Атырау облысында - 2, Маңғыстау облысында - 1, Жамбыл облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.

Елде науқастардың жалпы саны 500 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтанда - 202 адам
  • Алматыда - 109 адам
  • Қарағандыда - 26 адам
  • Атырау облысында - 16 адам
  • Ақмола облысында - 19 адам
  • Алматы облысында - 9 адам
  • Қызылорда облысында - 26 адам
  • Жамбыл облысында - 9 адам
  • Шымкентте - 12 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам
  • Ақтөбе облысында - 7 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 3 адам
  • Қостанай облысында - 1 адам
  • Түркістан облысында - 23 адам.

Коронавирустан 29 адам (Алматыда - 13 адам, Нұр-Сұлтанда - 16 адам) айыққан.​