23 сәу, 2020 сағат 15:50

Қазақстанда 44 адамнан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 23 сәуір кешкі сағат 17.50-де тағы 44 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 20, Алматы облысында - 3, Қарағанды облысында - 1, Ақтөбе облысында - 9, Жамбыл облысында - 9, Қызылорда облысында 1 адамға вирус жұққан. 

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2251 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 756
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 423
  • Қызылорда облысы – 159
  • Қарағанды облысы – 103
  • Ақмола облысы – 83
  • Атырау облысы – 82
  • Түркістан облысы – 77
  • Жамбыл облысы – 88
  • Шымкент қаласы – 133
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Алматы облысы – 65
  • Батыс Қазақстан облысы – 86
  • Ақтөбе облысы – 43
  • Маңғыстау облысы – 19
  • Павлодар облысы – 50
  • Шығыс Қазақстан облысы –15
  • Қостанай облысы – 36

536 адам COVID-19 дертінен айықты. 20 адам қайтыс болды. 23 сәуірде күндіз министрлік Алматыда коронавирустан алтыншы науқастың көз жұмғанын хабарлады. 1964 жылы туған әйел адамда бірнеше созылмалы ауру болған. 

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдің басым бөлігінде карантин енгізілген.