Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 2 сәуірде кешкі сағат 17:05-те 21 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 2, Алматыда - 1, Шымкентте - 8, Солтүстік Қазақстан облысында - 2, Қызылорда облысында - 1, Түркістан облысында - 6, Ақтөбе облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.
Науқастардың жалпы саны 423-ке жетті:
- Нұр-Сұлтанда - 193 адам
- Алматыда - 91 адам
- Қарағандыда - 21 адам
- Атырау облысында - 18 адам
- Ақмола облысында - 19 адам
- Алматы облысында - 9 адам
- Қызылорда облысында - 26 адам
- Жамбыл облысында - 5 адам
- Шымкентте - 11 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 5 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 8 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Түркістан облысында -11 адам.
Елде 27 адам дерттен айыққан. Үш адам қайтыс болған. Қазақстан үкіметі коронавируспен күреске тағы 125 миллиард теңге бөлді. Бұған дейін 23 миллиард теңге бөлінген. Жалпы сома – 148 миллиард теңге. Бұл қаржыдан 40,6 миллиард теңге коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге берілмек. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады.
Қазір елдің басым бөлігінде карантин жарияланған. 31 наурыздан бастап Қазақстанда жолаушы таситын пойыздар жұмысы толық тоқтады.