Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің 31 наурыз 00:10-дағы дерегі бойынша, Нұр-Сұлтанда бес адамнан, Ақмола облысында бір адамнан коронавирус табылды. Қазір елде 308 адам Covid-19 дертіне шалдықты.
Барлығы 21 адам (Нұр-Сұлтан - 14, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
Вирус жұқтырған 308 адам мына қалаларда:
- Нұр-Сұлтанда - 173 адам
- Алматыда - 73 адам
- Қарағандыда - 13 адам
- Атырау облысында - 12 адам
- Ақмола облысында - 10 адам
- Алматы облысында - 6 адам
- Қызылорда облысында - 5 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 2 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.