Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 26 сәуір кешкі сағат 17.50-де тағы 33 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 9, Алматы қаласында - 4, Шымкент қаласында - 5, Алматы облысында - 4, Атырау облысында - 10, Павлодар облысында 1 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2693 адам болды:
- Алматы қаласы – 846
- Нұр-Сұлтан қаласы – 488
- Қызылорда облысы – 177
- Шымкент қаласы – 167
- Қарағанды облысы – 113
- Жамбыл облысы – 104
- Батыс Қазақстан облысы – 116
- Ақмола облысы – 93
- Атырау облысы – 118
- Түркістан облысы – 108
- Алматы облысы – 97
- Павлодар облысы – 95
- Ақтөбе облысы – 55
- Қостанай облысы – 43
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Маңғыстау облысы – 27
- Шығыс Қазақстан облысы – 16
Министрлік жексенбі күні сонымен бірге 31 адамның жазылғанын хабарлаған. Республика бойынша барлығы 677 адам COVID-19 ауруынан айыққан. 25 адам қайтыс болған.