Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуір кешкі сағат 17.45-те тағы 39 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Алматы қаласында - 21, Ақмола облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Павлодар облысында - 1 , Атырау облысында 4 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар адам саны 2564-ке жетті. 629 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.
Вирус табылған 2564 адам мына аймақтарда:
- Алматы қаласы – 814
- Нұр-Сұлтан қаласы – 464
- Қызылорда облысы – 170
- Шымкент қаласы – 161
- Қарағанды облысы – 113
- Жамбыл облысы – 103
- Батыс Қазақстан облысы – 103
- Ақмола облысы – 89
- Атырау облысы – 108
- Түркістан облысы – 98
- Алматы облысы – 86
- Павлодар облысы – 89
- Ақтөбе облысы – 55
- Қостанай облысы – 39
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Маңғыстау облысы – 26
- Шығыс Қазақстан облысы – 16
Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.