05 сәу, 2021 сағат 08:18

Қазақстанда 1938 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

Қазақстанда тағы 1938 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды: 1921-інің коронавирус тесті оң шыққан, 17 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Тағы 20 адам өлімі тіркелді: 18 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы қаласында (611) тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласында - 368, Алматы облысында – 255, Батыс Қазақстан облысында - 105, Атырау облысында – 103, Қарағанды облысында – 88, Ақтөбе облысында – 61, Павлодар облысында – 54, Ақмола облысында – 52, Шымкент қаласында – 48, Шығыс Қазақстан облысында – 34 , Маңғыстау облысында – 31, Жамбыл облысында – 36, Қостанай облысында – 35, Солтүстік Қазақстан облысында – 20, Қызылорда облысында – 18, Түркістан облысында 12 науқас тіркелді. 

2020 жылдың наурыз айынан бері 255 028 адамның коронавирус тесті оң шықты. Содан бері 3110 адам қайтыс болған. 

5 сәуірдегі мәлімет бойынша, 27 836 адам короновирус инфекциясынан (26 662 КВИ+ және 1 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 354 пациент - стационарда, 17 482 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 452 адамның жағдайы ауыр;
• 117 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан үкіметі былтыр 1 тамыздан бастап анализінен коронавирус анықталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының да есебін жүргізіп келеді. Тоғыз айдан астам уақыт аралығында пневмонияның бұл түрімен 50 832 науқас тіркелген. 49 мыңға жуығы жазылып шыққан, 702-і қайтыс болған. 

Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Алматы облысы, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл аймақта" тұр. Шымкент, Ақмола және Қарағанды облыстары –"сары аймақта", қалғандары "жасыл аймақта" тұр. 

Елде 1 ақпанда жаппай вакциналау науқаны басталды. Соңғы мәлімет бойынша, 174 269 адамға вакцинаның кемінде бір дозасы салынған. Өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакциналау науқанының сылбыр жүріп жатқанын сынап, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға ескерту жасаған. Осыдан кейін елдегі ең ірі қала Алматыда еріктілерге жаппай вакцина салына бастады. Бірақ үш күн өтпей жатып, вакцина тапшылығына байланысты екпе баяулады. Қала билігінің мәліметінше, екі күнде шамамен 17 мың адамға вакцина салынған. 

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде барлығы 130 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған. Оның 74 миллионы жазылған, 3 миллионға жуығы қайтыс болған.

Сондай-ақ, кейінгі тәулікте 1 421 адам аурудан жазылды.  

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 425
Алматы қаласы - 570
Шымкент қаласы - 40
Ақмола облысы - 40
Ақтөбе облысы - 8
Алматы облысы - 94
Атырау облысы - 69
Шығыс Қазақстан облысы - 22
Батыс Қазақстан облысы - 39
Қарағанды облысы - 73
Қызылорда облысы - 2
Павлодар облысы - 19
Солтүстік Қазақстан облысы - 19
Түркістан облысы - 1

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 225 256-ға жетті.