10 жел, 2020 сағат 12:10

14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылады деген ақпарат - фейк

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды stopfake.kz.

«Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Бұл – фейк» деп жазады сайт.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды:

«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.