Фото: Gov.kz
2025 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 130 шетел азаматы жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Ult.kz.
Санаттар бойынша:
-
Басшылар мен олардың орынбасарлары – 549 адам
-
Құрылымдық бөлімше басшылары – 2 258 адам
-
Мамандар – 3 786 адам
-
Білікті жұмысшылар – 904 адам
-
Маусымдық жұмысшылар – 2 889 адам
-
Корпоративтік ауыстыру аясында – 3 744 адам
Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 899 жұмыс беруші бар. Оларда 348 мыңнан астам қазақстандық еңбек етуде, бұл – қызметкерлердің 96%-ы.
Еңбек ететін негізгі салалар:
-
Құрылыс – 4 949 адам
-
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 930 адам
-
Тау-кен өндірісі – 1 369 адам
-
Өңдеу өнеркәсібі – 1 210 адам
Негізгі елдер:
-
Қытай – 5 120 адам
-
Өзбекстан – 2 478 адам
-
Түркия – 1 042 адам
-
Үндістан – 1 031 адам
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді. 2025 жылы квота алғашында 14,8 мың адам көлемінде бекітілсе, кейін 16,5 мыңға дейін ұлғайтылды. Ал тамыз айынан бастап маусымдық жұмысшылар тізбесі кеңейтіліп, квота 19,4 мың бірлікке жетті (жұмыс күшінің 0,25%-ы).
