26 қар, 2024 сағат 18:31

Қазақстанда 1 млн адамға жасанды интеллект технологиясы оқытылады

Фото: Pexels.com

Цифрлық даму министрлігі 1 млн адамды жасанды интеллект технологиясына оқытуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ult.kz.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықты жасанды интеллект технологияларына оқыту жобасын ұсынды. Ол бойынша Қазақстанда 5 жыл ішінде 1 млн адамды даярлау жоспарлануда. Бұл 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметші, 80 мың кәсіпкер және халықтың 30 мың басқа санатын қамтиды.

"Сонымен қатар ведомство мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығымен бірге, білім беру жобаларын іске қосуда. Сондай-ақ биылғы қазан айында ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы TomorrowSchool жасанды интеллект мектебі ашылды", - делінген хабарламада.