25 қаң, 2021 сағат 06:00

Covid: 1500-ге жуық науқас анықталды, 11 адам қайтыс болды

Қазақстанда 24 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 480 адам тіркелді. 16 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 25 қаңтар күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 11 адам өлімі тіркелген: 8 науқас - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 178 454 адамның ПТР тесті оң шыққан. 160 мыңнан астамы жазылған. 2 480 адам коронавирус қайтыс болған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның Covid-ке ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек тіркеп келеді. Содан бері 47 437 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 555 адам қайтыс болған. 35 мыңнан астамы жазылған.

24 қаңтарда Ақмола облысы (219), Павлодар облысы (217) мен Нұр-Сұлтанда (211) 200-ден астам науқас анықталған. Қостанай облысында - 137, Алматыда - 135, Солтүстік Қазақстан облысында - 107, Атырау облысында - 101, Батыс Қазақстан облысында - 89, Қарағанды облысында - 82, Алматы облысында - 79, Шығыс Қазақстан облысында - 31, Жамбыл облысында - 18, Түркістан облысында - 16, Маңғыстау облысында - 11, Шымкент қаласында - 9, Ақтөбе облысында - 9, Қызылорда облысында 9 адамнан коронавирус анықталған.

Қазір 27 360 адам коронавирустан емделіп жатыр. 15 661-інің ПТР-тесті оң шыққан. 311 адамның жағдайы ауыр, 43 науқастың хәлі өте ауыр. 42 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде Covid-ке шалдыққан адам саны 99,1 миллионнан асты. 2 млн 128 мыңнан астам науқас қайтыс болды. 54,693 миллионннан астамы аурудан жазылған.