17 мау, 2019 сағат 09:22

"Қазақстан үшін Ресей маңызды серіктес деп ойлаймын" - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ке берген сұқбатында Ресеймен қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.

Президент өз қызметіне кіріскеннен кейін екі аптадан соң неге Ресейге барғанын айтты.

"Өзімнің алғашқы шетелдік сапарымды Ресейден бастауым орынды деп ойлаймын. Мұнда мені Ресей Президенті шақырған болатын. Бізді құрлық бойынша әлемдегі ең ұзын шекара байланыстырып әрі бөліп тұр", - деді Тоқаев Euronews-ке.

Ол Мәскеуде маңызды келіссөздер жүргізілгенін атап өтті.

"Біз бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Сіз айтқандай қандай да бір кепілдікке байланысты Ресей Президенті тарапынан талап қойылған жоқ. Өйткені әріптестікті нығайтудың ортақ түсінігі бар. Мен Қазақстан үшін Ресей маңызды серіктес деп ойлаймын. Өйткені үлкен мемлекет, біздің көршіміз, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Алайда Ресей де Қазақстансыз басқаша болады деп ойлаймын", - деді президент.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурыз күні мемлекет басшысы қызметіне кіріскен болатын.

Сәуір айының басында ресми сапармен Ресейге барды.

9 маусым күні Қазақстанда президент сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақстандықтардың 70,96%-і қолдады.

Сайлаудан кейінгі бірінші баспасөз мәслихатында Тоқаев Қазақстан Ресеймен әріптестікті нығайтуды жалғастыратынын айтқан болатын.