Асқар Мамин үкіметі парламент сайлауынан кейін отставкаға кетті.
Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарын сайлау өтті. Парламентке үш партия келді:
-
Nur Otan партиясы (71,09%)
-
"Ақ жол"Қазақстанның демократиялық партиясы (10,95%)
-
Қазақстан халық партиясы (9,10%).
Үкіметтің отставкаға кетуі
Конституциялық заңға сәйкес, үкімет мәжіліс құрамы қайта сайланғаннан кейін өз өкілетін тоқтатады. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін премьер-министр де, министрлер де өз міндетін орындайды.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының үкіметі өз міндетін атқаратын болсын", - делінген Ақордада жарияланған Тоқаевтың жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен, яғни 15 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Өңірлердегі әкімдер өз қызметін жалғастырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана басшысын (мәслихаттардың келісімімен) тек президент тағайындай алады.
Жаңа үкімет қалай құрылады?
Премьер-министр президентке үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді.
Мәжіліспен кеңескеннен кейін премьер-министр үкімет мүшелері лауазымдарына кандидаттарды енгізеді (сыртқы істер, қорғаныс және ішкі істер министрлерін қоспағанда).