05 ақп, 2020 сағат 13:18

Қазақстан теңіз порттарында жүк айналымы 5 млн тоннадан асты

Қазақстан теңіз порттарындағы жүк айналымы 5 млн тоннадан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Түрлі тоннадағы кемелерге қызмет көрсететін Ақтау, Баутино және Құрық теңіз порттары – ел экономикасын одан әрі дамытуға мүмкіндігі мол дамушы теңіз порттары. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі – Ақтау, Құрық және Баутино теңіз порттарының акваториясында теңіз кемелерін пайдалану саласындағы бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше. 2019 жылдың қортындысында олардың жалпы жүк айналымы 5 млн тоннадан асты», - делінген баспасөз релизінде.