«Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі компанияның орталық аппаратының жаңа құрылымын бекітті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов тағайындалды.
Басқарма төрағасының Стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы - Әнуар Ахметжанов.
Қаржы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы - Даир Көшеров;
Логистика жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы - Ерлан Қойшыбаев;
Жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы - Ерсайын Нағаспаев;
Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы - Бауыржан Орынбасаров;
Аппарат басшысының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев тағайындалды.