Қазақстан Тәжікстанға 100 мобильді өкпені жасанды желдету аппаратын жіберді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Қазақстан «Көкшетау-4П» аталатын өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 100 жиынтығын автокөлікпен жөнелткен.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталмыш құрылғыларды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 837 «Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы» қаулысын орындау шеңберінде жіберген.
Естеріңізге салайық, «Көкшетау-4П» аппараттары Көкшетаудағы «Тыныс» зауытында құрастырылады.
«Кәсіпорын айына шамамен 500 құрылғы шығарады. Ал бір аппараттың бағасы 750 мың теңгені құрайды. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді. Мысалы, оларды жедел жәрдемге орнатуға немесе үйде пайдалануға болады», - деді министрліктен.