ҚР Әділет министрлігі жүргізген күрделі сот тергеуі молдавандар – Анатол және Габриэль Стати, сондай-ақ олардың Ascom Group S.A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd («Стати») компаниялары Қазақстанға қарсы талап-арыздың сомасын арттыру мақсатында шведтік төрелік сотты жаңылыстырғанын көрсетті. Соның нәтижесінде 531 млн АҚШ долларын беру туралы шешім шығарылып, әртүрлі юрисдикцияларда мемлекетке қарсы төрелік шешімді орындау бойынша көптеген шаралар қабылданды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" министрліктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алғаш рет Бельгия соты (Брюссельдің апелляциялық соты) Статиге аудит жүргізген КПМГ фирмасының хат-хабарлары нәтижесінде туындаған ең маңызды дәлелдер негізінде шешім шығарады. Бұл хат-хабарлар сотқа осы жылы берілді. KPMG Audit LLC («КПМГ») аудиторлық компаниясы 2019 жылғы 21 тамыздағы Қазақстан Республикасына хатында Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырған Стати компанияларының қаржылық есептілігіне қатысты барлық жарияланған аудиторлық есептердің күші жойылған деп тану туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Жалпы алғанда, бұл үш (3) жылғы қаржылық есептіліктің он сегіз (18) аудиторлық есебін қамтыды. КПМГ Статидің аудиторларға Стати компаниялары және британдық компания Perkwood Investments Ltd («Перквуд») арасындағы бірталай мәмілелерге қатысты айтарлықтай бұрмаланған ақпаратты әдейі бергені туралы дәлелдерді қарастырғаннан кейін бұл өте маңызды және сирек шешімді қабылдады. Перквуд үлестес емес және тәуелсіз компания ретінде ұсынылған, бірақ іс жүзінде Статиге тиесілі және Статидің бақылауында болды. Перквуд Қазақстанға қарсы талап сомасын көтерудің негізгі құралы болды.
Әлемге танымал сарапшылар КПМГ шешімінің дәлелді маңыздылығын және оның Стати алған төрелік шешімге («Төрелік Шешім») ықпалын растады.
Нью-Йорктегі Колумбия университетінің профессоры Джордж Берманн жақында КПМГ хат алмасуы алаяқтықтың шынайы дәлелдерінің бар екенін растайтынын және « КПМГ қабылдаған іс-әрекеттер Статидің қаржылық ақпаратының шынайылығына ғана емес, сондай-ақ, осы ақпаратқа немесе оған негізделген жазбаша және ауызша айғақтарға, сарапшылардың қорытындыларына және адвокаттардың мәлімдемелерін қоса алғанда, кез келген деректерге деген сенімділікке нұқсан келтіретінін атап өтті. Бұл, әлбетте, Энергетикалық Хартияға шарт бойынша төрелікке және жалпы оның қорытындыларына, соның ішінде юрисдикция, жауапкершілік және шығындар мәселелеріне әсер етті».
Джордж Берманның сараптамалық-құқықтық қорытындысы
Профессор Кристофер Шройер, халықаралық инвестициялық төрелік жөніндегі жетекші сарапшы: «Бұл жағдайда КПМГ хат алмасуы Энергетикалық Хартияға шарт бойынша төрелікке және төрелік шешімге елеулі әсер етеді деген сөзсіз қорытындыға келуге болады. Клиент аудиторларға жалған ақпарат беруі себебінен олардың аудиторлық есептерін кері қайтарып алу туралы ерекше және елеулі қадамы инвестицияларға қатысты барлық қаржылық ақпараттың анықтығына нұқсан келтіреді және осылайша, осындай инвестицияларға байланысты шығындарды өтеу туралы Төрелік Шешімді кез келген шынайы негізден айырады. (...) Енді қолжетімді болған дәлелдер (...), Статидің заңсыз мінез-құлқы мен жосықсыздығын айқын көрсетеді».
Кристоф Шройердің сараптамалық-құқықтық қорытындысы
КПМГ өзінің аудиторлық есептерін кері қайтарып алу туралы шешімінің ерекше және елеулі сипатын PricewaterhouseCoopers («PwC») тәуелсіз аудиторлық компаниясы да атап өтті: «Аудиторлық қорытындыны тиімді «кері қайтарып алу« аудитордың соңғы құралы болып табылады және тек сирек жағдайларда ғана болады, оның ішінде, мысалы, менеджмент аудиторға менеджменттің қайталанатын, елеулі жалған мәлімдемелеріне түсініктеме бере алмайтын және / немесе менеджмент шоттардағы және алынған қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмалаушылықтарға түсініктеме бере алмайтын кезде орын алады». Сондай-ақ, PwC Статидің бұрмалаушылықтары мен іс-әрекеттері Статидің адал ниеттілігі мен сенімділігінің жоқтығын көрсетті және алаяқтық пен ақшаны жылыстату тұрғысынан көптеген «қызыл жалауларды» көтеретінін растады.
PricewaterhouseCoopers LLP есебі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев былай деді: «Стати сот КПМГ хат алмасуын қарастырмауы үшін барлық күш-жігерін салды. Олар бұл тым кеш, өзекті емес деп мәлімдеді. Олар тіпті Англияда бастаған істі тоқтатты. Бірақ бұл әрекеттер сәтсіздікке ұшырады. Брюссельдің апелляциялық соты КПМГ хат алмасуы осы іс үшін «жаңа және өзекті» болып табылады, өйткені ол төрелік шешімнің сапасымен байланысы анық деп қаулы етті».
Брюссельдің апелляциялық соты Қазақстанның КПМГ хат алмасуын іске қосу туралы өтінішін қанағаттандырғаннан кейін, сот тыңдауларын 2020 жылдың қыркүйек және қазан айларына тағайындады. Сондай-ақ, Қазақстан сол сотқа Статимен басталған Бельгияда төрелік шешімді орындау туралы процесс шеңберінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне қатысты 2020 жылғы 17 ақпанда апелляция берді. Апелляция туралы хабарламада Қазақстан Республикасы КПМГ хат алмасуы Стати алаяқтығының болуын қалайша растайтынын және бірінші сатыдағы соттың Стати тарапымен қалай жаңылыстырылғанын көрсетеді. Сондай-ақ, Республика Бельгия сотына Люксембург соттарында Статидің қылмыстық іс-әрекеттері үшін оларға қарсы қозғалған қылмыстық іс туралы ақпаратты берді.
Әділет министрі Марат Бекетаев Бельгияның шешімі КПМГ хат алмасуын алғаш рет қарастыру мүмкіндігі ескеріле отырып, алаяқтықты айыптау қарастырылады деп айтты: «Люксембургте қылмыстық шағым бере отырып және бұл мәселені Бельгияда қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Стати өздері таңдаған юрисдикцияларда әділдікті іздестіруді жалғастыруда. КПМГ-ге және арбитражға Статимен жалған мәлімдемелер мен бұрмалаулар ұсынылуға жол берілмейді. Бельгияда, Люксембургте және басқа да елдерде осы мәселенің естілуіне бағытталған іс-әрекеттерімен Қазақстан Республикасы заң үстемдігі мен қазақ халқының мүдделерін қорғауға сөзсіз бейілділігін растайды.