23 ақп, 2023 сағат 10:22

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 9 пәкістандық ұсталды

Фото: ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметі

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болды деген күдікпен тоғыз шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 15 ақпанда ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері ҰҚКД және Меркі аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, қазақ-қырғыз шекарасынан Қазақстан Республикасына заңсыз өтпек болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады.

Ұсталғандарға қатысты уәкілетті орган соталды тергеу амалдарын бастаған.