Қазақстан шекарадағы жағдайға байланысты Қытайға нота жолдады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттары тобының кеден бекеттеріндегі жүк ағыны проблемалары туралы сауалына берген жауабында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"10 қарашадан бастап Қытай тарапы Қазақстан тарапынан қабылданатын автокөлік құралдарының (АТС) санын шектеді және экспорттық тауары бар АТС-ты ауыстыруға тыйым салды. Анықтама үшін: 10-24 қараша аралығында Қытай тарапы 381 АТС қабылдады. Бұл мәселені шешу үшін Сыртқы істер министрлігі ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне нота жолдады", - делінген жауапта.
Маминнің айтуынша, қабылданып жатқан бос машиналар санының төмендеу себептері туралы, сондай-ақ экспорттық тауары бар автокөлік құралдарының жүруіне тыйым салу туралы ресми ақпарат Қытай тарапынан түскен жоқ.