13 нау, 2020 сағат 16:35

Қазақстан Ресеймен шекараны ішкі паспортпен кесіп өтуді шектеді

Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз шекарасында ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шектеу COVID-2019 коронавирусының таралуына байланысты қолға алынған. 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (жеке куәлік, туу туралы куәлік), Ресей Федерациясы азаматтары үшін (РФ азаматының паспорты), Қырғыз Республикасы азаматтары үшін (ID карта) ішкі құжаттардың қолданылуын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.