28 ақп, 2022 сағат 18:37

Қазақстан Ресей мен Украинаның келіссөз алаңын ұйымдастыруға дайын – СІМ



Қазақстан екі тарап та қажет деп тапса, Ресей мен Украина келіссөз өткізу үшін орын ұсынуға дайын. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Әрине, адам шығыны (үлкен алаңдаушылық тудырады - ред.). Орыс және украин халқы біз үшін бауырлас халықтар екені түсінікті. Сондықтан, әрине, алаңдаймыз. Өз тарапымыздан қолдан келген көмекті көрсетуге дайынбыз. Екі тарап та қажет деп тапса, келіссөз өткізуге орын ұсынуға дайынбыз", - деді Тілеуберді Женевада өтіп жатқан БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңес отырысында.

Ол бұл туралы әлі ешқандай келісім жасалмағанын айтты.