ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөздері 9 сәуірде бейнеконференция арқылы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай отырып, әрдайым сындарлы диалогты қолдайды.
«Алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенеміз», - деп хабарлайды министрліктен.
Бұл ретте әлемдік мұнай нарығында байқалатын теңгерімсіздік тек ОПЕК+ елдерінің ғана күш-жігері жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Қалыптасқан жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын қажет етеді.