Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан өңірлері арасындағы білім сапасы бойынша алшақтық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"PISA 2018 нәтижелері ауылдық және қалалық мектептер арасында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі өңір арасында да білім сапасында алшақтық бар екенін көрсетті. Әрине, бұл алаңдайтын жағдай", - деді министр білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясында.
Оның айтуынша, мысалы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарындағы қалалық мектептердегі білім сапасының көрсеткіштері Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы ауылдық мектептерден төмен.
