Қазақстан металлургия өнімдерін өтізетін балама нарықтар іздейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Металлургия өнеркәсібінде неғұрлым жоғары бөліністі тауарлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған мынадай шаралар қабылданатын болады: баламалы өткізу нарықтарын іздеу; қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамыту; мұнай компаниялары отандық өндірушілерден құбырларды сатып алу; стратегиялық инвесторларды тарту», - деді бірінші вице-министр.
Оның атап өтуінше, химия өнеркәсібінде отандық кәсіпорындарды қолдау да бірнеше бағыт арқылы жүргізіледі.
«Алдымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тек отандық минералды тыңайтқыш құнын субсидиялау, лак, боя, құрылыс материалдары және өнеркәсіптің басқа да салаларына шикізат өндіруге дайын кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдау шаралары, отандық жарылғыш заттарды шығарушы кәсіпорындар өнеркәсіптік химикаттарды өндірушілердің ұлттық компаниялары мен жүйе құраушы кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылар арасында ұзақмерзімді келісімшарттар жасау мүмкіндігі пысықталады», - деді Қайырбек Өскенбаев.